Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

   22 қаңтарда 2 ауысымда 1-11 сыныптарында, 1 курс колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді: температура - 36 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с 

 


 

Сарай хроникалары

 

1978 жыл 5 қараша

Павлодар қаласының сәулет ансамблін көріктендірген, Сарайы құрылысы аяқталды. Сарай күніне 3 мыңнан аса үйірмешілерді қабылайды. Оның бірінші жетекшісі Виталий Петрович Никитенко болды.

1979 жыл

Губарев Л.М. пен Аксенов В.В. Кеңес Одағының батыры ұшқыш-ғарышкерлерімен кездесу болды.

1980 жыл

Ұлы Отан соғысы жылдаоы құрбан болған, павлодарлық – жауынгерлер даңқ ескерткішінде №1 бекеті Оқушылар сарай негізінде қызметін бастады.

1981 жыл

Павлодар қаласының халық білім беру бөлімінің шақыруы бойынша Оқушылар сарайын М.Н.Горбунов «Аврора» Әскери-Теңіздік Флот-крейсерінің орталық мұражай филиалының басшысы келді.

1982 жыл

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы Қазақстан Компартиясының ЦК бірінші хатшысымен кездесу.

1985-1986 жылдар

«Аталар-ардагерлер, немерелер-із зерттегіштер» мемориалды мұражайының ашылуы.

1987 жыл

Оқушылар сарайында Балалар пресс-орталығының ашылуы.

1997 жыл

«Ертiс-97» - «Айналайын» жас дарындылардың екінші Халықаралық фестивалі өтті. «Бөбек» республикалық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева мен Премьер-Министр орынбасары, Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет министрі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов фестиваліне келді.

1998 жыл

«Вдохновение» ансамбліне 20 жыл толды.

1999-2002 жылдар

«Жас қалам» жас журналистердің жыл сайынғы фестивалі өтті.

2001-2002 жылдар

«Свет звезды» ән театрының тәрбиеленушілері Одесса қаласында «Жұлдызша» Халықаралық балалар шығармашылық конкурсының жеңімпаздары атанды.

2003 жыл

Балалар мен жасөспірімдер ұйымының бірінші облыстық Құрылтайы.

2004 жыл

Балалар мен жасөспірімдер ұйымының екінші облыстық Құрылтайы.

2006 жыл

Павлодар облысының балалар мен жасөспірімдер ұйымы – ОБЖҰ ҚБ заңды тұлға мәртебесін алды.
Павлодар облыстық М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Білім ұясы» 2 Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Ең үздік Оқушылар сарайы» номинациясында бірінші болды.
Республикалық мұражайлар сайысында «Аталар-ардагерлер, немерелер-із зерттегіштер» мұражайы жүлделі орын ие болды.
Қосымша білім беру педагогы Республикалық конкурсында (Садыкова Назым Аманжоловна) гран-при иегері.
«Сенің әлемің -Твой мир» облыстық балалар мен жасөспірімдер газетінің бірінші нөмірі шықты.

2007 жыл

Павлодар облысының Балалар қоғамдық ұйымдастыру «Ең үздік үкіметтік емес ұйым» естелік төсбелгісін табыстауымен «Балалық шақ – Друг детства» Бірінші Ұлттық конкурсының жеңімпазы болды.
Тәрбиелік бағдарламалар мен авторлық білім беру (Вайберт Елена Валентиновна) республикалық конкурсының гран-при иегері.

2008 жыл

Оқушылар сарайы облыстық білім беру қызмет көрсету сайысында ең үздік болып танылды.
«Мен-режиссер» номинациясында «Қазақстанның жас дарындары» республикалық конкурсында бірінші орын.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымы – Қазақстанның балалар ұйымдарының екінші республикалық слетінің аясында «Жалауға теңелу» жалаулы топтар сайысында жеңімпаз.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының төртінші облыстық Құрылтайы.

2009 - 2010 жылдар

«Әдістемелік вернисаж» оқу-әдістемелік материалдарының бірінші Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Оқушылар сарайының педагогтары төрт номинацияның ішінен екеуі бойынша жеңімпаз атанды. «Газет басып шығарайық» жинағында Республикалық әдістемелік материалдарының бірінші орын иегері атанды (Вайберт Е.В.).
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының бесінші облыстық Құрылтайы.

2011-2012 жылдар

«Әдістемелік вернисаж» оқу-әдістемелік материалдарының Республикалық конкурсында «Ең үздік авторлық бағдарлама» атты номинациясында бірінші орын иегері (Даирбаев Д.Б.).
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының алтыншы облыстық Құрылтайы.

2013 жыл

Қазақстан Республикасы бойынша «Жас Ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ ең үздіктердің бірі атанды.

2014 жыл

ERG «Көмек» бірлескен қайырымдылық қорына демеушілік көмек туралы келісімге сәйкес, Еуразиялық топтар мен облыстық әкімдіктер арасында мемонрандум жасау аясында облыста сфералық планетария кинотеатрының бірден-бір ашылуы 2014 жылдың 10 қараша айында болды.

2015 жыл

Обсерваторияның ашылуы (астрономиялық обсерватория, сынақ алаңы, астрономиялық сынып).
Оқушылар сарайына әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Аимбетов келді.
«Жас қалам» облыстық жас тілшілердің фестивалі.

2016 жыл

Новосібір ғылыми-практикалық конференциясы аясында өткен оқушылардың «Сібір» ғылыми қауымдастығының қортындысы бойынша Оқушылар сарайы «Антарес» астроном клубы шығармашылық жобасы үшін I-ші орынға иеленді.
«Қосымша білім беру ұйымдарының ең үздік педагогы» сайысында бірінші орын.(Даирбаев Д.Б.).
Жас астрономшылардың облыстық слеті.
«Өзін-өзін даму мен көшбасшының тиімді мектебі» атты әдістемелік құрал үшін «Рухани-адамгершілік тәрбие» номинациясы бойынша «Электронный кейс» облыстық сайысындағы жеңіс. (Петрович О.В.).
«Анастасия» спорттық-би клубының тәрбиеленушілері «Казахстан OPEN CUP 2016» (Астана) атты халықаралық турнирінде 2 кубк,11 алтын медаль, 8 екінші және 2 үшінші жүлделі орындар. (Никитина В.А., Загорулько А.Е.).
«Пионерлер қатарынан жас Ұланға дейін» Павлодар облысының балалар қозғалысының тарихы бойынша орыс тілінде жылнамалар кітабы. (Шакиримова В.С.).
«Луч» шығармашылық бірлестігі «Под счастливой звездой: нам жить в новом мире!» XII балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық медиафестивалінің қортындысы бойынша «Үздік қоғамдық телестудия» атты номинациясы бойынша бас жүлде. (Даирбаев Д.Б.); «Твой мир – Сенің әлемің» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті «Печатные издания» атты номинациясы бойынша I-ші орын.
«Подиум» шаштаразшылар мен тігін өнерінің облыстық конкурсы.
Қазақстан Республикасының ақыны, атақты жыршы «табысқа апарар жол» атты жобасы шеңберінде кездесу.
«Золотой микрофон-2016» жүргізушілердің облыстық конкурсы.
Оқушылар сарайы «Splash» заманауи би студиясы «MUSIC SHOW KZ» (Астана) Халықаралық конкурсында бас жүлде (Можейко И.А.).
Сегізінші балалар мен жасөспірмдер облыстық Құрылтайы.
«Проба пера-2016» облыстық балалар әдеби шығармашылығының конкурсы.
«Шабыт» номинациясы бойынша М.М.Катаев атындағы Павлодарлық Оқушылар сарайына Білім басқармасынан Құрмет грамотасы.
«Самрук» Халықаралық өнер сайысында «Блэйз» эстрадалық үлгілі би студиясының жеңісі (Корнюхина Л.В.).

2017 жыл

Жас астрономшылардың облыстық слеті.
«Антарес» жас астрономдар клубы «Малая Медведица» (Новосибирск) ашық астрономиялық зерттеу жұмыстары бойынша сайысында I орын. (Баубекова Г.К.).
«Анастасия» би-спорттық клубының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының би спортының Ұлттық кеңесінің Чемпионатынан кубогі (Никитина В.А., Загорулько А.Е.).
«Шоу талантов» облысытық тележоба
«Мы заявляем о себе!» облыстық көпбалалы отбасылар сайысы
«Splash» заманауи би студиясының тәрбиеленушілері «Вдохновение» би өнері бойынша II Халықаралық онлайн-конкурсында I-ші дәрежелі лауреаттар (Можейко И.А.).
«Жаңа жұлдыз» ән орындау шеберлігінің облыстық конкурсы
«Моя инициатива – моей Родине» атты шығармашылық жобалардың Республикалық конкурсында «Медиапроект» номинациясы бойынша жас тілшілердің жеңісі «Луч» шығармашылық бірлестігі (Даирбаев Д.Б.), «ИГРик» журналистика студиясы (Даирбаева В.А.), «Қаламгер» баспасөз орталығы.
«Просторы вдохновения» (Астана) IX Халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауында «Музыкальный квартал» үлгілі эстрадалық вокал студиясының жеңісі (Атлан Т.И.)
Оқушылар сарайы «Антарес» астрономдар клубының тәрбиеленушілері астрономия және ғарыш космосы бойынша жеңісі (Алматы қ.), (Баубекова Г.К.)
«Подиум» шаштаразшылар мен тігін өнерінің облыстық конкурсы.
Балаларды қорғау күніңе салтанатты шеру.
«Из Грузии с любовью» II Халықаралық фестиваль-конкурсында бас жүлде (Грузия). (Корнюхина Л.В.).
«Splash» заманауи би студиясы «Черноморский олимп» X Халықаралық фестиваль-конкурсында жеңіс. (Можейко И.А.)

 

 

temp-kaz

 

ҰБТ-ның жаңа форматы