Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

   19 қаңтарда 2- ауысымда  сабақтар өткізіледі: температура -17 градус, желдің жылдамдығы 0 м/с 

 


 

Сандық көрсеткіштер

      1978 жылғы қарашада Павлодарда  М.М.Катаев атындағы Пионерлер сарайы ашылды. Ауданы 9826,7 шаршы метр үш қабатты ғимараттың

 

dvc1

 

    238 кабинеті есігін айқара ашты. Оның ішінде 500 орынды  36 оқу  кабинеті, екі хореография залы, бір кітапхана, компьютерлік сынып, 400 орынға арналған үлкен театр залы және 150 адам арналған кіші дәріс  залы, 2 мұражай бар.

 

dvc1

 


Сарайдың құрылымында  - 5 бөлім: әдістемелік, ғылым және техника, эстетикалық, көркемдік тәрбие және әкімшілік-шаруашылық.

    Заманауи Оқушылар сарайы Пионерлер сарайының мұрагеріне айналды. Конингенті  17 бағыт бойынша 129 үйірмеге біріктірілген 3866 тәрбиеленушіні құрайды. Бір тәрбиеленушіге жылына 31520 теңге бөлінеді.
    Педагогикалық ұжымды 86 қосымша білім беру педагогі құрайды. Жоғары санатты  – 22 (28%), бірінші санатты – 10 (13%), екінші – 16 (20%), санаты жоқ – 31 (39%).
    Кітапхана Ғаламторға шығатын 5 компьютермен жабдықталған. Кітапхана қоры  19096 дананы құрайды.

 

dvc1

 

Ауданы 96,2 ш.м.құрайтын жануарлар бұрышы бар экологиялық  зертхананың экологиялық тәрбие  үшін мүмкіндігі мол. Аквариум, тор және вольерларда сәндік үй жануарларының  40 аса түрі мекендейді.

dvc1

 

2014 жылы Сарайдың  ауданы  65,6 ш.м. ұлғайды. Мектепке дейінгі «Білімпаз» эстетикалық даму және тәрбие студиясы екі қабатты жеке ғимаратта орналасқан.

dvc1

 

Ұлы Жеңістің  70-жылдығына орай  «Аталар -ардагерлер, немерелер – із зерттегіштер» мемориалдық мұражайы қайта жөнделді.

dvc1

    
2015 жылы «От Пионерии до Жас Ұлана» атты Павлодар облысының пионер қозғалысының мұражайы ашылды.

dvc1

 

    Сарайдың 7 интербелсенді және мультимедиялық жиынтықпен жабдықталуы сабақ сапасын заманауи жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
2014 жылы планетарияның ашылу салтанаты өткізілді. Планетарияның дәрістік бағдарламасында  балаларға арналған 25 дәріс бар, оның 14 ғылыми –танымал тақырып, 6 дәріс  адамның ғарышқа ұшуына арналды. Бір жылда Планетарийға  2000 аса адам келді.

dvc1

 

   2015-2016 оқу жылында ғылыми-техникалық бағыт қарқынды дамуда. Астрономиялық блок 3 қабатта орналасқан,  холлында  алыстағы  және жақындағы  жұлдыздардың бейнесін бақылауға мүмкіндік беретін мини кинотеатр бар. Бұл блокқа  мамандандырылған 5 кабинет кіреді. Астрономиялық сынып оқушыларға арналған интерактивтік және компьютерлік құралдармен жабдықталған. Техникалық кабинет мини кинотеатрды басқаратын медиа сервермен жабдықталған.  Астрономиялық сыныптың зертханасы  5 дербес  телескоппен жабдықталды, оның біреуі  күн  шуақты, екеуі дала экспедициясы кезінде бақылауға қажетті планетарлық.  

dvc1

   
   Обсерваторияның  күмбезі жаңартылды, ол аспан нысандарын бақылау және ұзаққа шыдайтын астраномиялық фотосурет пен бейне түсірілім алу үшін экваториалды  платформасы бар, Meade 16 LX 600-ACF стационарлық телескоп орнатылған (АҚШ), шеңбер бойынша қозғалатын,  автоматтандырылған. Обсерватория Күнді бақылауға мүмкіндік беретін үлкен күн шуақты     CORONADO TPSMT-30 Solar Max 1190 (США) телескоппен жабдықталды.  Байқау алаңы телескоптарды пайдаланып бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін үлкен тереземен жабдықталды. Робототехника кабинетін ашу жоспарлануда.
    Біздің мақтанышымыз – үлгілі атағына ие болған «Жас  екпін», «Свет звезды», «Блэйз», «Вдохновение» ұжымдары.
    2015 жылы біздің ұжымдар 26 конкурсқа қатысты, оның  19 -ы Халықаралық және  7-і  Республикалық.
Жүлделі орындардың саны– 96, халықаралық – 78, республикалық -18.
Конкурстардың  географиясы:
Қазақстан Республикасы: Астана қ., Алматы қ., Павлодар қ; Түркия: Алания қ. ; Италия: Римини қ.;
Ресей: Мәскеу қ.,  Геленджик қ,  Санкт-Петербург қ.; Испания: Ллорет де Мар қ.

dvc1

 

  Студия тәрбиеленушісі Тоқтар Асанәлі  «ПОНИ» халықаралық турнирінің барлық турына қатысты және «Абсолюттік жеңімпаз» Дипломына ие болды.

dvc1

 

    М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының  «Луч» шығармашылық бірлестігінің қатысушылары Балалар-жастар қоғамдық БАҚ –ның «Под счастливой звездой: нам жить в новом мире!» XI Халықаралық медиа-фестивалінде  «Үздік балалар қоғамдық телестудиясы» номинациясы бойынша  және «Юнкор года-2015»конкурсында  Бас жүлдені  иеленді.

dvc1

          2015 жылы «От Пионерии до Жас Ұлана» атты Павлодар облысының пионер қозғалысының мұражайы ашылды.

 

 

temp-kaz

 

ҰБТ-ның жаңа форматы