Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 24 градус, жел 5  м/с

 


 

Көптілділік – бүгінгі күннің маңызды қажеттілігі

 

«Көптілділік» мектеп бағдарламасын тәжірибеде іске асыра отырып, мектептердің педагогикалық ұжымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді шешуде өз үлестерін қосуда. Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне үш тілде оқытуды енгізу – бұл сөзсіз, үш тіл, еуразиялық түрлі мәдени және коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда алға басқан маңызды қадам.

Облыс мектептеріне үш тілде оқытуды енгізу ҚР БжҒМ 2004 жылы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілде оқытуды енгізу жөніндегі эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 346 бұйрығы, білім беру департаментінің 2005 жылы 19 қыркүйектегі «Облыс мектептерінде үш тілде оқытуды енгізу бойынша экспериментті жүргізу туралы» № 254 бұйрығы негізінде Павлодар қ-сы №42 мектебі мен Ақсу қаласының гимназиясында 2015 жылдан басталған болатын.
Қазіргі уақытта көптілді білім беру бағдарламасы бойынша облыста 49 мектеп жұмыс істейді. Оның қатарында ағымдағы оқу жылында аталған жобаға енгізілген 30 мектеп бар. Мектептер тиісті тілдерді меңгерген педагог кадрлармен қамтылған.
Облыста көп тілде білім беруді тиімді енгізу үшін қазақ-түрік лицейлері, «Жас дарын» мектебі, №3 гимназия, Ақсу қаласының гимназиясы, Павлодар қаласы №42 мектебінің тәжірибелері кеңінен пайдалануда. Аталған мектептердің педагогтары облыс мектептеріне физика, биология, математика, информатиканы ағылшын тілінде оқыту бойынша әдістемелік көмек көрсетуде.
Көп тілде оқыту шеңберінде жаратылыстану-математика циклі пәндерінің қатары ағылшын тілінде, қоғамдық-гуманитарлық циклі – оқуы орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілінде оқытылады.
Облыстық мамандандырылған мектептерде мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінен бөлек, басқа тілдер оқытылады. Мысалы, қазақ-түрік лицейлерінде – түрік, Ақсу қаласының гимназиясында – қытай, №3 гимназияда – француз, неміс, «Жас дарын» мектебінде - француз, қытай тілдері.
Мектептердің педагогикалық ұжымы көптілді бағдарламасын іске асыру мақсатында пән бойынша сабақтың және сабақтан тыс қызметтерінің өз бірыңғай жүйелерін құрады, оның ішінде оқушылар мен мұғалімдер үшін тіл клубтарының қызметтерін ұйымдастырады. Пән салалары арқылы оқушылардың тіл мүмкіндіктерін дамытудан басқа, көп тілде оқыту кезінде зерттеу қызметі, сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды шешу, ашықтық, тіл табысу, батылдық пен сезу секілді оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту жүзеге асырылады.
Өткізілген жұмыс талдауы төзімділік, көп мәдениеттілік, мінез-құлық дағдыларын адамгершілік және этикалық нормаларға сәйкестендіру, дерексіз ұғым емес шынайылық болып келеді.
Біздің қоғамның басым міндеттерімен келісілген көптілділікті енгізу идеясы - еліміздің қауіпсіздігі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету туралы сенім бар.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер