Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 21 қарашада  2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 20 градус, жел 2  м/с

 


 

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым -2012» қонкурсының қорытындысы

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы «Белгіленген тәртіпте және оны ұсыну көлемімен «Үздік орта блім беру ұйымы» грантын тағайындауға конкурс өткізу Ережелерін бекіту туралы» № 393 қаулысына сәйкес мамырдың 14-нен тамыздың 8-не дейінгі кезең аралығында Павлодар облысында грантты тағайындауға конкурс өтті.
    Әділқазылар құрамына Облыс әкімінің орынбасары А.А. Орсариевтің төрағалығымен білім беру саласында бақылау департаменті, балалар құқықтарын қорғау департаменті, педагог кадрлардың біліктіліктерін арттыру институты, кәсіподақ ұйымдары өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектептер директорлары, білім беру басқармасы қызметкерлері енген.
    Облыстық турға барлығы 17, олардың ішінде 6 ауылдық, 6 қалалық, 5 облыстық жалпы білім беретін мектептер қатысты.
    Сомасы 13951200 теңге грант тағайындау туралы сертификатты табыстаумен Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі» «Үздік орта блім беру ұйымы» облыстық конкурсының жеңімпазы атанды. Ақтоғай ауданы Абай атындағы ЖОМ «Үздік ауылдық жалпы блім беретін мектеп» номинациясында сертификат тапсырылып, конкурс лауреаты атанды, Павлодар қаласы № 9 гимназия мектебі «Үздік жалпы блім беретін мектеп» номинациясына ие болды. Лауреаттар құнды сыйлықтармен: теледидар, ноутбук, бейнекамера, фотоаппараттармен марапатталды.
    Комиссия келесі мектептер жұмыстарының нәтижеліліктерін атап өтті, олар: Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған № 3 гимназия, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған жалпы блім беретін мектеп, Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. гимназия мектебі, Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ, Качиры ауданы № 2 Песчан ЖОМ, Ақсу қаласы № 2 ЖОМ.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер