Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым -2013» қонкурсының қорытындысы

 

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» №393 қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы наурыздың 18-і мен шілденің 18-і аралығында Павлодар облысында грантты беруге арналған конкурс өтті.
Облыс әкімінің орынбасары, қазылар алқасының төрағасы А. А. Өрсариев бекіткен қазылар алқасының құрамына білім беру саласындағы бақылау департаментінің, балалар құқығын қорғау департаментінің, білім беру мен тәрбиені дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдардың өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енген.
Облыстық турға барлығы 18 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде 11 ауылдық, 4 қалалық, 3 облыстық.
Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпазы сомасы 15793000  теңгеге грантты беру туралы сертификатпен Павлодар қаласы облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты атанды. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясында сертификатпен конкурс лауреаты Железин ауданы № 2 ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясында Ақсу қаласы лицейі атанды. Лауреаттар компьютер, ноутбук, бейнебақылау сынды құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер