Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым -2014» қонкурсының қорытындысы

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» №393 қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы наурыздың 18-і мен шілденің 18-і аралығында Павлодар облысында грантты беруге арналған конкурс өтті.
    Қазылар алқасы құрамына облыс әкімінің орынбасары  Ғ.Қ. Сәдібековтің төрағалығымен білім беру саласындағы бақылау департаменті, білім беру мен тәрбиені дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдардың өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енген. Сараптамалық комиссия құрамына оқушылар сарайы, ПМПИ қызметкерлері, ата-аналар, «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы қатысты.
    Облыстық турға барлығы 17 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде 10 ауылдық, 3 қалалық, 4 облыстық.
    Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпазы атанған Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған жалпы білім беру мектебіне сомасы 15973000 теңгені құрайтын грант сертификаты берілді. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша  конкурс лауреаты  Екібастұз қаласының елді мекенінің Атығай ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 25 ЖОМ сертификат беріліп, бағалы сыйлықтар: компьютер, теледидар, бейне камера табысталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер