Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 20 қарашада 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 26 градус, жел 1  м/с

 


 

Облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы – 2015» конкурсының қорытындылары

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» №544 бұйрығы және ағымдағы жылғы 15 наурыздан 15 шілде аралығында «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен Павлодар облысында «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсы өтті.
    Қазылар алқасы құрамына облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековтің төрағалығымен білім беру саласындағы бақылау департаменті, білім беру мен тәрбиені дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдардың өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енген.
    Облыстық турға барлығы 18 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде 8 ауылдық, 5 қалалық, 5 облыстық.
    Облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанған Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясына  сомасы 15856000 теңгені құрайтын грант сертификаты берілді. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша  конкурс лауреаты  Ақсу қаласының ауылдық аймағының Үштерек ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының  № 25 қазақ қыздар гимназиясына сертификат берілді. Лауреаттар құнды сыйлықтармен марапатталды: компьютер, теледидар, сандық бейне камера.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер