Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Көптілділік - білім беру кеңістігінде

    Облыстық білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы 2016 жылғы 15 сәуірде «Үш тілде білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық материалдары» облыстық конкурсын өткізді.Конкурсқа 43 мұғалім қатысты. Ең көп қатысушы Павлодар қ. - 14, мамандандырылған мектептерден - 12. Конкурс 4 бағыт бойынша қорытындыланды.
«Көптілділік бойынша үздік арнайы курс бағдарламасы» номинациясында Павлодар қ. №42 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Нихаева Светлана Андреевна «Адам денсаулығын қорғау» арнайы курсы үшін І дәрежелі дипломмен, Павлодар қ. дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің информатика мұғалімі Қоңырбаев Ерлан Серікбайұлы «Роботехника» арнайы курсы үшін ІІ дәрежелі дипломмен,  «Мәшһүртану» әдістемелік құралы үшін Лебяжі ауданының Малыбай ЖОМ мұғалімдері Мукатаева Жанна Тулеутаевна, Тусутаева Динара Кадыровна ІІ дәрежелі дипломмен, Екібастұз қ. №1 лицей-мектебінің тарих мұғалімі Акижанова Зухра Салаватовна «Тарихи пазл» арнайы курсы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақсу қаласы лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Бордачева Ольга Николаевна «Ғылым» арнайы курсы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Павлодар қ. №42 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Нихаева Светлана Андреевна «Іскер ағылшын тілі» арнайы курсы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Үздік оқу-әдістемелік кешен» номинациясында Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназияның мұғалімдері Хамитова Гүлмира Қабылжапарқызы, Дягилева Татьяна Иосифовна «Биология – ағылшын тілінде» оқу-әдістемелік кешенімен І орын иеленді. Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназия мұғалімдері Шипицина Людмила Михайловна, Хамитова Гульмира Кабылжапаровна «Биология – ағылшын тілінде» оқу-әдістемелік кешенімен ІІ орын иеленді. Екібастұз қ. №22 мектеп-гимназиясының география мұғалімі Сапарғалиев Жангелді Шаймұратұлы «География – ағылшын тілінде» оқу-әдістемелік кешенімен ІІ орынға ие болды. Павлодар қ. Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-лицейінің физика мұғалімі Түсіпова Гүлдариға Тілектесқызы «Физика – ағылшын тілінде» оқу-әдістемелік кешенімен ІІІ орынды иеленді. Шарбақты ауданының гимназиялық сыныптары бар мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Андрющенко Дарья Николаевна «Физика – ағылшын тілінде» оқу-әдістемелік кешенімен ІІІ орынға ие болды.  Павлодар қ. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының биология мұғалімдері Асанова Шынар Жанғабылқызы, Байдарбесова Қымбат Маратқызы «8-сыныпқа арналған анатомия» оқу-әдістемелік кешенімен ІІІ орынды иеленді.
  «Көптілділік бойынша үздік жинақ» номинациясында Павлодар қ. № 42 ЖОМ тарих мұғалімдері Булатбаева Кульжанат Нурымжановна, Айтчанова Зульфия Дюсембаевна «Қазақстан тарихы» пәнінен «Когнитивті-коммуникативтік технология бойынша оқыту орыс тілді  7-8 сыныптарда көптілділік бойынша жинағы» үшін І орынды иеленді. Ертіс ауданының Абай ЖОМ мұғалімі Кирильченко Надежда Ильинична сыныптан тыс жұмыс бойынша «Мектептің сыныптан тыс жұмысына көптілділікті енгізу» жинағы үшін ІІ орынға ие болды. Екібастұз қ. №6 мектеп-лицейінің география мұғалімі Кузнецова Анна  Александровна көптілділік бойынша «7-сыныпқа арналған қызықты картография» жинағы үшін ІІ орынға ие болды. Ақтоғай ауданының С.Мүткенов атындағы ЖОМ география мұғалімі Шәмшиденова Самал Амангелдіқызы көптілділік бойынша «6-сыныпқа арналған физикалық география» жинағымен ІІІ орынды иеленді. Павлодар қ. №14 ЖОМ математика мұғалімі Сыздықова Айжан Төлегенқызы көптілділік бойынша «Білімді бақылау бойынша алгебрадан 7-сыныпқа арналған жинақ» үшін ІІІ орынға ие болды. ІІІ орынды Павлодар қ. дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің химия мұғалімі Салихов Данияр Маратұлы көптілділік бойынша «Mindmaps – химияны ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдісі» жинағымен иеленді.
«Үздік дидактикалық құрал» номинациясында Ақсу қ. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының физика мұғалімі Қабылбекова Алмагүл Серікқызы «Физика» дидактикалық құралы үшін І орынды иеленді. Железин ауданының Жаңажұлдыз НОМ қазақ тілі мұғалімі Жүнісова Дәмегүл Уахитқызы, орыс тілі мұғалімі Камалова Екатерина Ивановна, ағылшын тілі мұғалімі Мигаль Евгения Ивановна «Фонетикалық калейдоскоп» дидактикалық құралы үшін ІІ орынды иеленді. Павлодар қ. дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің математика мұғалімі Омарова Қымбат Оралқызы «Сандар жинағы» дидактикалық құралы үшін ІІ орынды иеленді. Екібастұз қ. облыстық мамандандырылған «Зерде» мектебінің информатика мұғалімдері Жұмадилова Гүлнәр Мағатқызы, Айтжанова Айнагүл Есенқызы «Информатика – ағылшын тілінде» дидактикалық құралы үшін ІІІ орынды иеленді. Ақсу қ. №4 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Дугина Анастасия Егоровна «Өз ойыны» дидактикалық құралы үшін ІІІ орынды иеленді. Павлодар қ. дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің экономика мұғалімі Омарова Әсел Уәлиденқызы «Ағылшын тілінде 7-сыныпқа арналған экономика» дидактикалық құралы үшін ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстары «Үш тілде білім беру бойынша ең үздік әдістемелік-дидактикалық материалдары» облыстық жинағына енеді.

IMG 2411

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер