Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 27 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар  өткізіледі: температура 3 градус, жел 6-13 м/с

 


 

Лозовик Яков Михайлович

lozovik

    1927 жылы Сумск облысы, Степное ауылында туған. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Башқұрт елді мекеніндегі оқу полкіне түсіп, кейіннен Приморский өлкесіне ауыстырылады. 1945 жылдың 8 тамызынан бастап әскери шараларға қатысады.
Яков Михайлович Манчжурияны өтіп, Мулин, Мудонзян қалаларын азат еткен. 1951 жылға дейін әскерде болған.
Зейнеткерлікке шыққанға дейін Успен ауданындағы №25 кәсіптік техникалық білім беретін мекемеде қызмет еткен. Марапаттары: «КСРО кәсіптік техникалық білім беру үздігі». Қазіргі таңда да жас ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.
Яков Михайлович 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапония түбіндегі жеңіс үшін» медальімен, «Әскери қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қазіргі таңда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында тұрады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер