Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыстық көптілдік олимпиадасы

 

     Инновациялық  Еуразия университетінде  2016  жылғы 21 сәуір күні 9-11 оқушылар  арасында  өткізілген облыстық көптілдік олимпиадасының іріктеу кезеніне облыс бойынша 109 оқушы қатысты. Олимпиада 2 турға бөлінді - лексика-грамматикалық тапсырма және диалог. Екінші турға 10 оқушы қатысты.
       Олимпиада қорытындысы бойынша І орынға «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Омар Нұргүл, ІІ орынға Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Жумабекова Айдана, ІІІ орынға Екібастұз қаласы №25 қазақ гимназиясының 10 сынып оқушысы Джекибаева Дамиля ие болды. «Жас тілші» номинациясымен    «Жас дарын»   мектебінің 10 сынып оқушысы Капанов Санжар, «Ұшқыр ой» - Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жағыпар Гүлмира, «Тіл жанашыры» - «Жас дарын»  мектебінің 10 сынып оқушысы Сулейменова Айнагуль, «Полиглот» - «Жас дарын»  мектебінің 9 сынып оқушысы Мухаметжанова Аружан, «Шабыт» - №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Дубинина Екатерина марапатталды. ИнЕУ ректорының  гранттары  қазақ-түрік лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Сайлау Хакимге және Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің 9 сынып оқушысы Cайранова Әлияға табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер