Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодар облысы педагогтерінің республикалық физикадан ағылшын тілінде өткен олимпиададағы табыстары

       2016 жылғы 14-15 мамыр күндері Алматы қ. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде математика және физика мұғалімдері арасында ағылшын тілінде олимпиада өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қ. дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының физика мұғалімі Әуелбаева Камила Бақытбайқызы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Олимпиадаға Астана, Алматы қ., барлық облыстардағы республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары, мамандандырылған мектептері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 45 математика мұғалімі, 23 физика мұғалімі қатысты. Павлодар облысы атынан «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің математика мұғалімі Омарова Қымбат Оралқызы, дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының математика мұғалімі Аманкулова Айдана Алтынбекқызы, дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының физика мұғалімі Әуелбаева Камила Бақытбайқызы қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер