Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Үздік көптілді педагог – 2016» облыстық конкурсының дипломанттары

       2016 жылғы 22-23 қыркүйекте Павлодар облысының білім беру басқармасы Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесе отырып алғаш рет «Үздік көптілді педагог – 2016» облыстық конкурсын өткізді. Оған облыстың қала және аудандарынан 24 ұстаз қатысты.

     Конкурстың мақсаты - педагогтің жағымды бейнесін қалыптастыру, көптілді оқытудың инновациялық тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату, мұғалімдердің шығармашылық бастамаларын дамыту. Конкурстың қорытындысы бойынша жеті номинант анықталды:

1.Кәрімова Назерке Есетқызы, Павлодар қаласының дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің биология мұғалімі.
2.Иванова Евгения Викторовна, Павлодар қаласының М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ биология мұғалімі.
3.Салихов Данияр Маратұлы, Павлодар қаласының дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің химия мұғалімі.
4.Канапина Айнұр Серікқызы, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 мамандандырылған лицей - мектебінің информатика мұғалімі.
5.Болатқан Дана Қайратқызы, Железин ауданының Михайлов ЖОМ химия мұғалімі.
6.Байдарбесова Қымбат Маратқызы, Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының биология мұғалімі.
7.Әуесхан Рауан Темірханұлы, Екібастұз қаласының көпсалалы көптілді лицейінің информатика мұғалімі.
«Үздік көптілді педагог – 2016» облыстық конкурсының алғашқы номинанттарын марапаттау рәсімі Павлодар облысы әкімінің қатысуымен Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен Ұстаздар күніне арналған мерекеде өтті.

/textarea>

Publishing Options

  • Calendar
  • Calendar
  • Calendar

Article Options


Configure Edit Screen

Images and links

  • Preview

  • Preview



Metadata Options

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер