Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Сиқыр және ғажайыптар мектебі

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бос уақытты қамту және балалар шығармашылығы орталығы жоғары сынып көшбасшыларының «Көшбасшылық және абырой» балалар-жасөспірімдер қауымдастығында «НарруЛиД» сиқыр және ғажайып мектебінің сабақтары өтті. 3 күн бойы Павлодар қаласының № 20, 15, 14, 29, 41, 34, 19, 4, 6, 18, 22, 16, 26 мектептерінен 30-дан аса оқушы сиқыр және ғажайып мектебінде Гарри Поттер әлемінің фантастика дүниесіне ден қойды, бейінді ауысым жетекшісі Анастасия Александровна Шувалова.
«Үлестіруші бас киімде қонақта» салтанатты ашылуында оқушыларды орталықтың басшысы Наталья Алексеевна Павловская құттықтау сөз айтты. Мектепте 3 жасақ оқушылары Слизерин, Гриффиндор және Пуффендуй факультеттері атауын алды. Нұсқаушылар Ирина Сергеевна Кучуркина, Бағлан Шаяхметқызы Ешмұратова және Әйгерім Байтұрсынқызы Темірғалиновалардың жетекшілігімен жасақтар «Сәлем, сүйікті факультет» конкурсына қызықты көрініс дайындап, ұрандар, әдемі эмблема және жасақтардың аз ғана театрландырылған презентациясын ойлап тапты. Бірінші күн серілік турнирін өткізумен аяқталды. Балалар қылыштасудан ептілікке жарысып, серенада айта отырып, жүрек қалауының суретін салып, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдады.
Екінші күні үш сиқыршыда қонақ болды. Балалар «Әуенді тап» турының үшеуінде де жүргізушілер ұсынған сазды тауып, музыка тақырыбына жұмбақтар және ребустарды шеше отырып, өздерінің үздік шығармашыл, шешендік мүмкіндіктерін көрсетті. «Сақ бол» конкурсында қатысушылар «Жолда, суда, өрт кезінде өзін-өзі ұстау қағидалары» өлең құрастыруда жаттықты, турнирдің соңғы кезеңі «Зиянды әдетке жол жоқ!» тақырыбындағы сурет конкурсы болды. Жасақтар әдемі және танымдық суреттерді әзірлеп, оларды презентациялады. Қазылар алқасының мүшелері әсіресе, ішімдіктің зияны туралы монологымен өнер көрсеткен № 41 ЖОМ 7-сынып оқушысы Данил Кремерді атап өтті. Үшінші күн «Сиқыршылардың бітіру кеші» деп аталды. Балалар үйден дайындалып, сиқырлы қаһармандардың ерекше костюмдерінде бітіру кешіне келді. Бейінді ауысым туралы керемет есте қалар ойларды сақтау үшін сиқыр және ғажайып мектебінің студенттері өз күштерімен «Сиқырлы естелік кітабын» құрастырып, оған өз пікірлерін, үміттері, толқу мен тілектері, сондай-ақ, сиқырлы жануарлар суреттерін орналастырды. Сиқыршылардың бітіру кеші әсерлі флешмобпен аяқталды.
№ 15 ЖОМ оқушысы Руслан Леликов, № 41 ЖОМ оқушылары Данил Кремер, Назымгүл Аталыкова, № 29 ЖОМ оқушылары Диана Мұсабекова, Алина Шамгунова, Кәрім Уахит, № 6 ЖОМ оқушысы Алина Пухова, № 19 ЖОМ оқушысы Майра Қуанова, № 22 ЖОМ оқушылары Алмат Асқарұлы, Алдияр Ақылтай, № 18 ЖОМ оқушылары Диана Бурцева, Александра Артюкова, Дмитрий Устинов, Чингиз Апсалямов іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін бағалы жүлдеге ие болды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер