Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Тәрбиеленушілердің қаһармандармен кездесуі

   2016 жылғы 11 қарашада республикалық «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы шеңберінде қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған полиция қызметкері Ғазиз Байтасовты еске алу құрметіне байланысты әскери мектеп-интернатында қызмет барысында ерлік жасаған полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.
Әскери мектеп-интернат тәрбиеленушілері қызметтік борышын өтеу барысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесуге Қызылорда қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясы батальонының полицейі, полицияның аға сержанты Нұрлыбек Амангелдіұлы Нұртаев, Шардары ауданының ІІБ жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Сәбитжан Наханұлы Аязханов және Шардары ауданының жол-патрульдік полициясының взвод командирі Бексұлтан Байбақұлы Кеңесов қатысты. Полицейлер арнайы бейнежазбалар арқылы жастарға өздерінің ерлік іс-әрекеттері туралы баяндап, бұл олардың азаматтық және қызметтік парызы екенін айтты. Кездесу мектеп тәрбиеленушілері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер