Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Бүлдіршіндерге арналған фотоконкурс

   2016 жылғы 7-11 қараша аралығында Качиры ауданында мектепке дейінгі жастағы балалар арасында фотоконкурс өтті. Конкурстың мақсаты: балаларды патриоттылықты сезінуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін іске асыру, балалар мен ата-аналар байланысының үйлесуіне мүмкіндік беру.
Конкурсқа қатысу үшін табиғатты, туған өлкенің мәдениетін бейнелейтін күз тақырыбындағы жұмыстар қабылданды: қатысушының өзі немесе ата-анасының көмегімен орындалған фотосуреттер, фотоколлаждар, бейнеклиптер. Жұмыстарды бағалау критерийлері - айқындылығы, бейнелілігі, тақырыпқа сәйкестігі, эстетикалығы, шынайылығы.
Ауданның 10 мектепке дейінгі мекемесінен 29 бала қатысты. «Фото» номинациясында Бобровка мектебі жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушісі Жаңаталап Аңсар жеңімпаз атанды, «Фотоколлаж» номинациясында Киняев Дмитрий (Тереңкөл ауылының «Талбесік» сәбилер бақшасы), «Презентациялар» номинациясында - Кох Кондрат («Балдырған» сәбилер бақшасы).

 

 

Мемлекеттік қызметтер