Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы

   «Ертіс дарыны» күні Шарбақты ауданының гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылғы 15 қараша күні «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының күні өткізілді.
Іс шараның мақсаты - дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамыту мен оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуі.
Кездесуге қатысқан өңірдің 100 мұғалімі мен аудандық білім бөлімінің мамандары шығармашылық пікір алмасып, үздік тәжірибелерді көруге үлкен мүмкіндік алды.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқутышысы Шабажанова С.К., химия мұғалімдеріне Павлодар мемлекеттіқ педагогикалық институтының магистрі Туркбенова Д.С., биология пәні мұғалімдеріне Павлодар мемлекеттіқ педагогикалық институтының б.ғ.к. Корогод Н.П., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне Еуразия Инновациялық университетінің ф.ғ.к. Ибраева Ж.Б., математика пәні мұғалімдеріне «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің оқутышысы Горшков Б.Н., география пәні мұғалімдеріне Павлодар мемлекеттіқ педагогикалық институтының аға оқутышысы Омаров М.К. және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арнап Павлодар мемлекеттіқ педагогикалық институтының ф.ғ.к. Оразханова М.И. шығармашылық шеберханаларын ұйымдастырды. «Ертіс дарыны» орталығының соңғы әдістемелік әзірлемелерімен ақпараттық-баспа қызметі бөлімінің әдіскері Жапарова Б.З. таныстырды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер