Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Республикалық «Күншуақ» конкурсының бас жүлдесі

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық «Күншуақ» фестиваль-конкурсында Кенжекөл ауылы балалар музыкалық мектебінің 4-сынып оқушысы Рахимов Ислам жеңімпаз атанды. Фестивальдің мақсаты – балалар шығармашылық ұжымдарын дамыту, жарыстың зор рухын жасау, балалар ұжымдары арасында шығармашылық байланыс орнату, шығармашылық ұжымдар жұмыстарының салыстырмалы бағасын беру, педагогтардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету. Конкурс алты номинация бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық музыка, сән театры, театр, көркем сөз оқу. Ислам 49 конкурсқа қатысушымен 11-13 жас аралығындағы орта топта аспаптық музыка номинациясында (соло домбра) жарысқа түсті. Оның орындауында Қыздарбектің «Сылқым қыз» шертпе күйі, орыстың «Коробейники» халық әні тыңдалды.
Қатысушылардың орындаулары жабық дауыс беру арқылы бағаланды. Қазылар алқасының құрамына музыка, хореография саласындағы жоғары білікті мамандар, Қазақстан Республикасының өнердегі еңбегі сіңген қайраткерлері енді.
Мектеп директоры Шамшия Рахымжанқызы Джагопарова: «Қазылар алқасы біздің конкурсқа қатысушыларымыздың жоғары деңгейде орындағанын атап өтті. Бұл, Исламның домбыра мұғалімі Қапиза Сағадатқызы Садвокасова, концертмейстері Андрей Владимирович Серовтың кәсіби педагогикалық бағасы. Ислам 2015 жылы Семей қаласында өткен Латифа Хамиди атындағы республикалық конкурста бас-жүлде иегері атанғанын» айтты.

 

 

Мемлекеттік қызметтер