Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шара қорытындалары

   Железин ауданы білім беру бөлімінің басшысы Т.М. Дәулетов 2016 жылғы 11 қарашада Железин ауылының № 3 ЖОМ базасында аудан прокуроры А.Н. Ақановтың қатысуымен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу қорытындылары бойынша мәжіліс өткізді.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту мәселелерін талқылауға мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, полиция қызметкерлері, білім беру бөлімінің мамандары қатысты.
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыстардың алдын алу жөнінде өткізілетін жұмыстар туралы» Железин ауданы ішкі істер бөлімінің ювеналды полицияның учаскелік инспекторы А.О. Балтабаев, «Ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық және қылмыстар санын азайту бойынша өткізілетін жұмыстар туралы» - білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Н.Н. Булатбаев баяндады.
Педагогтардың ата-аналармен оқушылардың құқықтық тәрбиесі, жайсыз отбасыларының балаларымен жұмыс, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстар туралы мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары С.Д. Сеилханова (№ 3 Железин ЖОМ), О.В. Зайцева (Михайлов ЖОМ), З.Г. Торгунакова (Башмачин ЖОМ) сөз сөйледі. Мәжілстің соңында әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, таратылды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер