Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Мектеп мұражайында жаңа экспозиция

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және Панфиловшылар батырлар ерлігіне 75 жылдығына орай Павлодар қаласының № 14 ЖОМ-інде Ерлік Даңқ мұражайында жаңа экспозиция ашылды. Ашылу рәсімінде қонақтар арасында жастар арасында патриоттық тәрбие мұражайдың жұмысын жоғары бағалаған Ауғанстан ардагерлер кеңесінің төрағасы Майкотов Б. Н., және қалалық Ассоциация әскери-патриоттық тәрбиелеудің төрағасы Николашин О. В., Павлодар қаласының Ерлік Даңқ мұражайының меңгерушісі Тыштыков Р. Н. болды.
Мектептің 10 сынып оқушылары қонақтарға жаңа экспонаттардың қан соғыстағы бостандық үшін күрескенде куәгер болған жауынгерлердің танкыға қарсы мина, граната Ф-1, жауынгердің ыдысы, қасығы, қаруға жағатын майы, снарядтың сынықтары, патронның гильзалары туралы толық мәлімет берді. Экспозицияда атақты Панфиловшылар дивизия орнынан мектептегі алғашқы әскери дайындықтың мұғалімі, «Панфиловшылар» іздестіру отрядының жетекшісі Бакытжан Кырыкушевич Утеповтың басқаруымен әкелінген экспонаттарға ерекше орын берілген. Құнды экспонаттар бөліміне басқа да: Ұлы Отан Соғысының жауынгерінің куәлігі, Куйбышев ауданы 1918 жылы туған тумасы Искаков Тукен Жеңіс күніне орай медалі, Ұлы Отан Соғысы бірінші дәрежелі куәлігі бар. Ресейдің «Панфиловец» Волокаламск аудандық қоғамдық ұйымдарынан және Псковск облысының «Новоржев» қалалық орнынан жіберілген мектеп директоры Ә. Ә Әжібаеваға, алғашқы әскери дайындықтың оқытушысы Б. Қ. Утеповқа жіберілген алғыс хаттарымен қонақтарға танысытырып өтті.
«Панфиловшылар» іздестіру отряды Москва облысында Волокаламск ауданында 251 биіктігінде 1941 жылдың қараша айында 28 батыр- панфиловшылардың фашист танкілерін тоқтатып ерлік жасағаны туралы жұмыс жүргізді. Осы батырлар арасында Қазақстанның тумалары да аз емес», - деп атап өтті Б. Қ. Утепов.

 

 

Мемлекеттік қызметтер