Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 


 

Мектеп кітапханасының инновациялық қызметі

   М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 24 қараша күні «Білім беру барысында ақпараттық қолдау негізінде мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» атты мектеп кітапханашыларының облыстық оқыту семинары өтті.
«Өрлеу» біліктілікті көтеру Ұлттық орталығы филиалының бапкері, аға оқытушысы Айгуль Ахметниязова ұстаз қызметі әдістемелік сүйемелдеуінің заманауи талаптары туралы баяндап берді. Оқушылар сарайының кітапханашысы Татьяна Суворова білім беру барысында мектептегі кітапханалар ақпараттық құзыреттілік орталықтары екендігін және мектеп кітапханасының мақсаты мен міндеттерін анықтады. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасының әдіскері Хадиша Дандыбаева білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылығын қалыптасытру және тәрбие жұмысында басты мақсат екеніне тоқталып кетті.
Павлодар қаласы химия-биология бағыты бойынша «Назарбаев зиаткерлік мектебінің» оқытушы-кітапханашысы Алеся Гуринова кітапхананың білім беру ортасында ашық кеңістігін қалыптастырудың ролі жайлы ақпар айтты. Екібастұз қаласы №7 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Светлана Акимова мектеп кітапханасында тақырыптық күндерді өткізу және ұйымдасытру жайлы іс-тәжрибесімен бөлісті. Павлодар қаласы №5 ЖОМ-нің кітапхана меңгерушісі Ольга Ерменкова заманауи білім беру кезеңдерінде бұқаралық іс-шаралардың жаңаша өткізу формалары кең ауқымда паш етті.
Семинарда Павлодар, Ақсу қалаларынан және Ертіс, Железин, Лебяжі, Май, Павлодар, Шарбақты аудандарынан 25 кітапханашы қатысты. Барлық қатысушылар сертификат пен электрондық дискілердегі әдістемелік материалдарға ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер