Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 


 

«Янтарные звезды» халықаралық жастар фестивалі

   Қарашаның 23 мен 25-сі аралығында Калининград қаласында есту қабілеті бұзылған жастардың DEAF «Янтарные звезды» V халықаралық фестивалі өтті.
Фестивальді өткізудегі басты мақсат есту қабілеті бұзылған жастардың бір бірімен байланысып, әлеуметтік бейімделудің жоғары деңгейіне қол жеткізу мәселелерінде тәжірибе алмасу,түрлі ұлт адамдарын, діни, өмірлік басқа да көзқарастарын ортақтастыру, достық және шығармашылық қарым қатынастарды нығайту. Фестивальді ұйымдастырушылар - «Бүкілресейлік саңыраулар қоғамы» мүгедектердің бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Калининград аймақтық бөлімшесі, Калининград облысы бойынша жастар істері жөніндегі агенттік және «Жастар орталығы» МБМ.
Фестивальге Калининград облысынан, Брянскіден, Павлодардан (Қазақстан Республикасы), Гомель мен Минскіден (Беларусь Республикасынан) 100 ге тарта естуі нашар немесе мүлдем естімейтін балалар қатысты. Гала -концерт аясында шығармашылық ұжымдар өнердің бірнеше жанрында өнер көрсетті: ымдық ән, кіші формалар, пантомима, клоунада және хореография.
Бұл шараға №1есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп- интернат тәрбиеленушілері биыл үшінші рет қатысып, олар Халықаралық фестиваль лауреаты дипломымен және Бүкіл әлемдік саңыраулар ұйымы кубогымен марапатталды.
Бұл фестиваль біздің өмірге жылулық, нағыз жарқын, шынайы сезімдер мен көңіл күй сыйлайды. Біздің балалардың жүрегі махаббатқа, достыққа, әр елдерден келген құрдастарына әрдайым ашық, бұндай шығармашылық кездесулерден алынған баға жетпес тәжірибе жастардың жүректерінде мәңгілік сақталады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер