Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 


 

Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз!

    Білім беру басқармасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша облыстық бейнероликтер конкурсын қорытындылады. Конкурс мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу және балалар-жасөспірімдер ортасында құқықтық мәдениет қалыптастыру.

Конкурстың облыстық кезеңіне 20-дан астам жұмыс ұсынылды, оның 9-ы үздік атанды. Облыстық тур қорытындылары бойынша орындар төмендегідей анықталды:

1-орын – Павлодар қаласының «Облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі» және «Жас дарын» мамандандырылған мектебі;

2-орын – № 4 Ақсу ЖОМ және Павлодар ауданының № 2 Чернорецк ЖОМ;

3-орын – Ақтоғай ауданының Шолақсор ОМ және Павлодар ауданы Розовка ЖОМ.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер