Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 24 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура 0 градус, жел 5-13 м/с.

 

 


 


 

«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумын өткізу туралы

 

    2016 жылғы 29 қарашада  Павлодар қаласының №24 мектебінде  Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне орай «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумы өткізілді.
    Форум рухани-адамгершілік құндылықтар және ұлттық әдет-ғұрыптар негізінде патриотизм бен шыдамдылықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығында Қазақстанның жетістіктерін насихаттау мақсатында өтті.
Салтанатты шараның ашылу рәсімі мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожинаға берілді. Форумға депутат, Павлодар облысы Жастар конгресінің басшысы Корепанов Дмитрий Викторович, Павлодар облысы ЖБДО бөлімінің басшысы Шуренов Дархан Берікұлы, армян этно-мәдени бірлестіктің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің, мектептегі ата-аналар комитетініың өкілдері қатысты.
Форумның қатысушылары қала жастарын Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған тәуелсіз елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне өз білімдерін бағыттауға шақырды.
    Оқушылар, үздік спортшылар, қалалық сайыстардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары қошемет шеңберін жасап тұрды.
    Мереке соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер