Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 22  қарашада 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 17 градус, жел 5  м/с

 


 

Облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы – 2016» конкурсының қорытындылары

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беру тәртібі және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 544 бұйрығы және «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес, ағымдағы жылғы 15 наурыздан 15 шілде аралығында Павлодар облысында грант беру конкурсы өтті.
Қазылар алқасы құрамына облыс әкімінің орынбасары М.Р. Бегентаевтың төрағалығымен білім беру саласындағы бақылау департаменті, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енген.
Облыстық турға барлығы 17 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде, 11 ауылдық, 3 қалалық, 3 облыстық.
Облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, сомасы 18287200 теңгеге грант сертификаты берілді. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша конкурс лауреаты Ертіс ауданының № 2 ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының С. Торайғыров атындағы № 22 гимназия-мектебіне сертификат беріліп, лауреат атанды. Лауреаттар құнды сыйлықтармен ноутбук, теледидар, фотоаппаратпен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер