Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 


 

Пәтер кілті табысталды

   Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйінің 13 тәрбиеленушісі баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілтін Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов табыс етті.
Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған түлектер өздерінің қуаныштарымен бөлісіп, шын жүректерінен зор алғыстарын білдірді. Каширин Владимир барлық түлектерінің және өзінің тату отбасының атынан жылы лебізін білдірді: «Біздің отбасымыз ұлы мереке қарсаңында пәтерге ие болып жатқанымыз үшін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз алғысымды білдіремін. Біз балалар үйінің түлектері ретінде қала, мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіп, әрқашан қамқоршы болып отыратындығын сезініп келеміз. Бүгінгі күні көрсетіліп отырған көмектеріңіз үшін өте қуаныштымын!».
Кілтті табыстағаннан кейін барлығы өздерінің жаңа пәтерлерін көруге асықты. Мартыненко Елена: «Маған бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Пәтер жылы, ыңғайлы, плита, санузель, барлық есептегіш құралдары орнатылған. Мен өте қуаныштымын және бақыттымын! Бізге осындай бақыт пен қуаныш сыйлағандарға үлкен рахмет!», - деді. Қоныстарыңыз құтты болсын!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер