Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 27 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар  өткізіледі: температура 3 градус, жел 6-13 м/с

 

 


 


 

Қазақстанның болашағы бар!

   Ағымдағы жылғы 20-24 қараша аралығында Прага қаласында С. Прокофьевті еске алуға арналған ХІІ халықаралық конкурс-фестиваль өтті. Бұл конкурсқа Қазақстаннан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі – Шахимардан Қайдарұлы Әбіловтің сыныбы ұсынылған болатын. Өнер университетінен Туранель Азат пен Қассенов Мақсат; Семей қаласының музыкалық колледжінен Мадияров Мәди; Павлодар қаласы музыкалық кешенінің 2-курс студенттері Алтиева Даурия, Нигметова Сания, Қазбеков Әлижан, 3-курс студенттері Әшірбек Әділбек және 7 «Б» сынып оқушысы Беспалова Лия өз өнерлерін көрсетті. Концертмейстері – музыкалық колледждің керемет педагогы Ольга Геннадьевна Тен.
Конкурсқа Канада, Ресей, Чехия, Грузия және көптеген басқа елдерден қатысушылар келді.
Конкурс қатысушылары қайта өркендеу дәуірінің шығармаларын, ұлттық композиторлық мектептердің романстары мен шығармаларын орындады. Әбіловтің сыныбы басқа орындаушылардың арасында өздерінің жеке дауыстарымен, жоғары дауыс шығару сапасымен және әртістік орындаушылықтарымен ерекшеленді.
Кезекті өнер көрсеткеннен кейін қазылар алқасы тарапынан «Қазақстанның болашағы бар!» деген дауыс шықты.
Павлодарлықтар конкурс лауреаттары атанды: Нигметова Сания – І орын; Алтиева Даурия – І орын; Әшірбек Әділбек – ІІ орын; Қазбеков Әлижан – ІІІ орын; Беспалова Лия – ІІ орын.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер