Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 


 

«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» мәнерлеп оқу конкурсы

   Качиры ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2016 жылғы 30 қарашада бастауыш сынып оқушылары арасында аудандық мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді.
Конкурсқа аудан мектептерінен 80 аса оқушы қатысты. Конкурстың мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениетке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қатысушылар мемлекеттік және орыс тілдерінде атақты қазақстандық жазушылардың шығармаларын және өздері шығарған өлеңдерін ұсынды.
Конкурс қорытындылары бойынша 1-сынып оқушылары арасында № 2 Песчан ЖОМ оқушысы Сембай Бекзат, Качиры ауданының К. Оспанов атындағы № 3 ЖОМ оқушысы Ерболқызы Айя жүлделі орындарға ие болды. 2-сынып оқушылары арасында Федоровка ЖОМ оқушысы Аспандияр Эльдар, Березовка ЖОМ оқушысы Хумырзах Жансая І жүлделі орын иегері атанды. 3-сынып оқушылары арасында Багаева Мадина (Качиры ауданының К. Оспанов атындағы № 3 ЖОМ оқушысы), Филимонова Виктория (Качиры ауданының А.Н. Елгин атындағы № 1 ЖОМ оқушысы) жүлделі орындарды иеленді. 4-сынып оқушылары Лифанова Анастасия (Песчан №1 ЖОМ) және Адиатулин Рамиль (Ивановка ЖОМ) жүлделі орындарды өзара бөлісті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер