Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Бала барысы»

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде, 30 қарашада Успен ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен «Бала барысы» турнир өтті.
Іс-шараға Успен ауданының 5 мектебінен 31 спортшы қатысты. Төрешілер құрамында Павлодар облысының танымал балуандары, қазақша күрестен облыс чемпионатының үш мәрте жеңімпазы, спорт шебері, ұлттық санаттағы төреші Дархан Жоламанов және қазақша күрестен облыс чемпионы, қазақша күрестен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Еркін Камшатов.
Турнир қорытындылары бойынша 42 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орында - Марат Бердмурат, № 3 Успен ЖОМ 9-сынып оқушысы, Темірлан Сапар, Қаратай ЖОМ 7-сынып оқушысы; ІІ орында - Елдар Илеупов, Қаратай ЖОМ 8-сынып оқушысы; І орында - Нұберген Қысырау, № 3 Успен ЖОМ 7-сынып оқушысы; 51 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орында - Ертолқын Әмірбек, Қозыкеткен ЖОМ 8-сынып оқушысы, Батырбек Бекишев, № 3 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы; ІІ орында - Бауыржан Қажыбаев, № 3 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы; І орында - Имират Шалабанов, № 3 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы; 57 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орында - № 3 Успен ЖОМ оқушылары Мұхамметали Жарылғасын (8-сынып) және Марлен Жандосов (7-сынып); ІІ орында - Жасұлан Каржаубаев, № 3 Успен ЖОМ 8-сынып оқушысы, І орында - Ернар Каиргельдинов, Қозыкеткен ЖОМ 8-сынып оқушысы; 64 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орында - Дархан Касенов, Успен ЖОМ 11-сынып оқушысы, Нұриман Жантөре, № 3 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы; ІІ орында - Уразбаев Мақсат, № 3 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы; І орында - Салтанат Бердмұрат, № 1 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы.
№ 1 Успен ЖОМ 10-сынып оқушысы Салтанат Бердмұрат турнирдің сөзсіз чемпионы деп танылды. Турнир жеңімпаздары естелік сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер