Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Жастар үйіндегі кездесу

   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Үміт» балалар үйі» КММ жанындағы жастар үйінде «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қаласындағы филиалы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу «Біздің Елбасы – ұлт көшбасшысы" тақырыбында пікірталас форматында өткізілді.
Іс-шараға еңбек ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты Құламерген Көкенұлы Бейсембенов, жастар саясаты мәселелерінің кеңесшісі Жастілек Сүйіндікұлы Тілеулес және жастар үйі мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Н.Ә.Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Тәуелсіздік біздерді – қазақстандықтарды өз туған жеріміздің гүлденіп өркендеуіне жету жолында табандылықпен күресе білетін ұлы халық екендігімізді көрсетті. Өркениетті Қазақстанды құру – бұл екі ғасыр мен екі мың жылдықтың жаһандануының лайықты жауабы болды» – деген болатын. Президенттің осы сөздері пікірталасқа қатысушылар сөзінің арқауы болды.
Кездесу барысында тәрбиеленушілер қонақтарға сұрақтар қойды, өзара пікір алмасты, нәтижесінде, барлығы да бір дауыспен Президентіміздің саясатын қолдап, еліміздің саяси-экономикалық тұрақты дамуына, азаматтық патриоттылықты нығайтуға, Қазақстан Республикасында тұратын халықтар бірлігін сақтауға өз үлесімізді қосамыз деген пікірге қосылды.
Кездесу барысында «Менің Отаным – Қазақстан!», «Тәуелсіздікке жол» бейнероликтері көрсетілді.
Қонақтар жастар үйіне «Елбасы партиясы. Лидера Наций» деген кітапты тарту етті. Өз кезегінде жастар үйі тәрбиеленушілері қонақтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, қызықты да маңызды кездесу үшін алғыстарын білдірді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер