Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Берік отбасы» пилоттық бағдарламасының қорытынды сессиясы

   Павлодар қаласының № 21, № 28 ЖОМ-де топ құрамында 20 отбасы ата-аналарымен қоса балалалары қатысқан Орталық Азиядағы БҰҰ басқармасының аймақтық өкілдігінің «Берік отбасы» пилоттық бағдарламасы бойынша алғашқы Қазақстанда өткізілген жеті апталық тренинг жаттығуларының қорытындысы шығарылды.
Мақсаты - есірткі заттарын ерте қолданудың алдын алу және жастар арасындағы тәуекел тәртібі.
Қорытынды кешіне есірткі мен қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының UNODC «Берік отбасы» жобалық бағдарламасын іске асыру бойынша өкілдері Жанерке Омарова мен Ляззат Жусупова, «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының» өкілі Аманова Жанна, сертификатталған жаттықтырушылар, № 21, № 28 мектептерінің 20 отбасы 6 - 7 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты.
Жобалау бағдарламасы бойынша 2016 жылғы 17 қазан мен 26 қараша аралығында педагогтармен ата-аналар және оқушылармен өткізуге арналған тренингтер жүргізілді. Бағдарламада күн сайын «Ата-аналар», «Жастар», «Отбасы» бөлімдері бойынша тренингтер, қорытынды шығару, бағалау жоспарланды. Апталық жаттығу аяқталғанда тыңдаушыларға сертификаттар берілді.
Қорытынды сессияда өткізілді: отбасын нығайтуға арналған ойындар, ата-аналары балаларына хат жазады және керісінше, балалары ата-анасына хат жазады, «Бағдарламаның қысқаша мазмұны» қорытынды слайдын көрсету, алдында өткізілген тренигтерінің пайдалы екендігін бағалау жөнінде ата-аналармен сауалнама жүргізу.
Сертификаттар, естелік сыйлықтар тапсырылды. Ата-аналар мен балаларға сыйлықтар берілді. Мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағдарлама қойылды. Мерекелік бағдарламада ата-аналар Л. В. Кудрявцева мен Т. А. Шпенглер алғыс білдірді. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне көмек құралы ретінде жасалған бағдарламаны ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Тренингтер кезінде үйренген дағдыларын өз тәжірибесінде қолдана бастады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер