Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

Білім беру мазмұнын жаңарту – уақыт талабы

   Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жаппай мектепке үш айлық курстардың негізгі концептуалдық бастамалары тыңдаушылардың барлық санаты үшін біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстарының жаңартылған мазмұнына енгізілген болатын. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы 2016 жылғы 3 қарашадан 25 қараша аралығында орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кустар өткізді, онда аймақтың 42 әдіскері оқыды.
2016 жылы 3987 ұстаз курстан өтті, олардың 2610-ы – пән мұғалімдері, 152 – білім беру ұйымының басшылары, 42 әдіскер, 152 – директор орынбасарлары, 531 – мектеп тренерлері, 300 – мектеп және аймақтық үйлестірушілер. 2016 жылдың соңына дейін 50 адам – директорлар, 50 – директор орынбасарлары, 100 – мектеп және аймақтық үйлестірушілер курстан өтеді.
Оқу сессиялары интерактивті дәріс форматында өзекті тақырыптарға, шеберлік сағаттары, коучингтер түрінде өтетіндіктен, курстардың практикалық бағыттылығы бар. Білім беру ұйымының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бюджеттік бағдарламаға сәйкес іске асырылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер