Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Ән жырымның арқауы – Тәуелсіздік!»

   2016 жылдың 30-қарашасында Павлодар көлік және коммунникациялар колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ән жырымның арқауы – Тәуелсіздік!» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: жастардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру; халқын сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Сайысқа 17 колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. Қатысушылар құрамы жеке және вокалдық топтар: дуэт,трио, квартеттен болды. Барлық әншілер әнді жанды дауыспен орындады. Орындаушылар байқаудың тақырыбынан ауытқымай, оқушылардың киімі айтылатын әннің мазмұнына сәйкес болды. Сайыс бір кезеңмен өтті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың әнді орындау шеберлігін, орындалатын әннің тақырыптық мазмұнына сәйкестігін, орындаушылардың сахналық мәдениетін бағалады.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болған Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқушысы Талап Әйгерім және ИнЕУ колледжінің «Алтын дауыс» триосы. Екінші орын алған Сервис және тамақтану колледжінің оқушысы Тимонова Диана, Қызмет көрсету саласы колледжінің оқушысы Петрова Валерия. Үшінші орынға ие болғандар – Даниярова Орынгуль, Технологиялық колледжінің оқушысы, Б.Ахметов атындағы Павлодар педколледжінің «Толқын» триосы, Аманжолова Айсана, Экономикалық колледжінің оқушысы. Байқауға қатысушылар мен жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер