Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Тыңдалуға құқығым бар

   «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық кампания аясында Павлодар қаласының мектептерінде 2016 жылғы 15 - 30 қарашада «Тыңдалу құқығы бар» шара өткізілді. Ақпараттық шараның мақсаты - балаларға қатысты зорлық мәселесіне қоғамның назарын аударту, балаларға қатыгездікпен қарамауға шақыру.
Бұл кезеңде білім беру мекемелерінде ата-аналарға және оқушыларға арналған тақырыптық ақпараттық қабырғаларда балаларға көмек көрсететін қызметтер туралы материалдар мен қабырға газеттері шығарылып, «Бақытты отбасы», «Зорлыққа жол жоқ» сурет көрмелері өткізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін шақыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты қылмыстар, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстарды алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысы өткізілді. 2000 астам ақпараттық материалдар шығарылып таратылды.
Мектептердің шағын аудандарында мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен қадағалаусыздықты алдын алу бойынша 500 аса рейдтік шаралар жүргізілді.
Ата-аналар мен оқушылар арасында «Отбасындағы зорлық - зомбылық: балаға қалай көмектесуге болады», «Зиянды әдеттерге қарсы тұру», «Тәрбие берудегі ата-ананың рөлі», «Жазалау мен мадақтауда ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі» деген кеңестік жұмыстар ұйымдастырылды. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Қорғауға алынған балалық шақ», «Баланың зорлықсыз өмір сүруге құқығы бар» атты семинар-тренингтер өткізілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер