Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастыру

   2016 жылғы 8 желтоқсанда Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы әдістемелік көмек көрсету мақсатымен Май ауданының мектепке дейінгі мекемелерінің басшыларына, әдіскерлеріне, балабақша және шағын орталықтар тәрбиешілеріне 2016 жылғы 8 желтоқсанында «Мектепке дейінгі мекемелерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа типтік оқыту бағдарламасына сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында практикалық семинар өткізді.
Инновациялық орталықтың әдіскері Б.С.Барамбаева мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа типтік оқыту бағдарламасының ерекшелігі, нормативтік құжаттармен жұмыс жасау талаптары жөнінде кеңес берді. Павлодар қаласының №51 сәбилер бақшасының әдіскері Г.А.Уалиева топтарда пәндік-дамытушылық орталықтарының әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі балалардың оқу біліктерін анықтайтын мониторинг жүргізу туралы тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысушыларға сабақтың технологиялық картасын, перспективтік жоспар құрастыру бойынша шебер сағаттар ұйымдастырылды. Семинарға барлығы Май аудынының 38 педагогы қатысты. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер