Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Менің жеңісім – халқымның жеңісі

   2016 жылғы 10 желтоқсанда Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығы «Менің жеңісім – халқымның жеңісі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Аталған конкурсқа музыкалық колледжінің «Орыс халық аспаптары» бөлімінің 3-курс студенті Олжас Нұрланов қатысты.
Конкурс қорытындылары бойынша барлық қатысушылар арасында Олжас Нұрланов жүлделі орынға ие болды. Халық даналығы «Дарынды адам – барлық қырынан да дарынды» деседі. Біздің Олжас салауатты өмір салтын, белсенді өмір позициясын ұстанады, колледждің барлық іс-шараларына белсене қатысады. Ол қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы. Олжас өз елінің патриоты, перфекционист және абыройлы жеңіске жетуге үйренген лидер. Шынымен де, еліміздің жеңісі жастардың жеңісі мен жетістіктері. Жастардың болашағы – бұл республикамыздың болашағы.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер