Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілері 4 бөлмелі пәтерге қол жеткізді

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілеріне Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 94, 39 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан 4 бөлмелі пәтер сыйға берілді.
Пәтерді Павлодар облысының маслихат хатшысы Владимир Александрович Берковскийдің басшылығымен «Победа» ЖШС директоры Александр Владимирович Поляков сыйлады.
4 бөлмелі пәтерде жастар үйінің 4 тәрбиеленушісі тұратын болады. Бүгінгі таңда олардың бәрі білім алып, өздігінен жұмыс жасайды.
Тәрбиеленушілер «Жас ұрпақ» жастар үйінің көмегімен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, тұсқағаздар, жиһаз, техника таңдады.Павлодар мұнай-химиялық зауыты оларға жұмсақ жиһаз сыйлады.
Жастар пәтерде мемлекеттік тұрғын қорыннан пәтер алғанға дейін тек ғана коммуналдық қызметтерді өздігінен төлеп, тегін тұратын болады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер