Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Шах и мат!

   Алғаш рет Павлодар қаласының «Шахмат үйі» № 3 БЖСМ базасында 2016 жылғы 13 желтоқсанда мектепке дейінгі жастағы балалар арасында шапшаң шахматтан жарыс өтті. Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 6 турда өткізілді. Бір турдың жалпы уақыты 30 минут (бір қатысушыға 15 минуттан).
Жарысқа қатысу үшін мектепке дейінгі жастағы барлық ер балалар мен қыз балалар жіберілді. Ең жас шахматшылар 4 жаста Текжанова Жасмин, Ахметов Ануар және Оспанов Аңсар. Барлығы 29 бала қатысты. Ойынды жарыстың бас төрешісі Павлодар қаласының № 3 БЖСМ директоры Шәріп Қазымұлы Кашкенов бағалады.
Жеңімпаз атанғандар:
І орын - Шорманов Даниель, «Развитие» білім беру орталығының тәрбиеленушісі және Текжанова Жасмин, № 51 балабақша тәрбиеленушісі;
ІІ орын - Смаилов Алижан, № 25 ЖОМ шағын орталығының тәрбиеленушісі және Костенко Арина, № 102 балабақша тәрбиеленушісі;
ІІІ орын - Мурат Асанали № 2 ЖОМ шағын орталық тәрбиеленушісі және Садыкова Рамина, № 10 балабақша тәрбиеленушісі.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыс білім беру басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталып, қатысушылар сертификаттар алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер