Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Мықты Қазақстан – мықты өңірлер!

 

    2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу  аясында «Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» КММ-де «Қазақстан аймақтарының дамуындағы Елбасының рөлі: Павлодар-Ертіс өңірінің мысалында» атты облыс мектептерінің 9-11- сынып оқушылары арасындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
       Конференцияның мақсаты: мемлекетіміздің құрылуы мен өркендеуі мәселелеріне, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті
      Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі мен рөліне зерттеушілердің назарын аудару.
Конференцияға С. Торайғыров атындағы ПМУ, ИнЕУ және ПМПИ-дің жетекші ғалымдары шақырылды.  Оның ішінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Еңлік Өсербайқызы Жұматаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мұрат Алыбаевич Сүлейменов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зәмзәгүл Әбіләшқызы Сабданбекова,  инновациялық орталықтың әдіскері Бақытгүл Төлегенқызы Аушахманова, Инновациялық орталығы басшысының орынбасары Айтжамал Алтайқызы Қожахметова қатысты. Конференция барысында 5 секция жұмыс істеді, оның әрқайсысында жеңімпаздар  анықталды:
№1-секция. «Қазақстан аймақтарының дамуындағы Елбасының рөлі: Павлодар-Ертіс өңірінің мысалында»:
1-орын- Карменов Медет,
2-орын- Жумабаева Дильнара,
3-орын- Зейнилгабиденова Гульназ.
№2-секция. Отан тарихы: Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов: шынайылық және қазіргі бейнесі:
1-орын- Нурадилова Нұржамал,
2-орын- Бақтыбай Ілияс,
3-орын- Кабдрахманов Ержан.
№3-секция. Өлкетану:
1-орын-Тұрсын Шерхан,
2-орын- Садартинова Рахима,
3-орын-Жақанов Мадияр.
№4- секция. Этнография және археология:
 1-орын- Егінбай Қаныш,
 2-орын- Боранбай Бихан,
 3- орын- Дюсенбаев Дильшат.  
№5-секция. Қазақ қоғамындағы құқықтану:
1-орын- Кажахатова Гульжан,
2-орын- Бексултанов Жаслан,
3-орын-Бисмульдинова Камила /3-орын/.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер