Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Ынтымақтастық мүмкіншіліктері

   Қазақстан мен Ресей арасында білім беру саласындағы серіктестік қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық ертеден қалыптасқан. Осы саладағы инновациялық үдерістер өзара ізденіс, жаңашылдық және тәжірибемен алмасудың негізі болып табылады. Омбы және Павлодар облыстары шекаралас аудандарының жыл сайын кездесіп, аймақтарындағы білім саласындағы өзгерістер туралы пікір алмасулары дәстүрге айналды. Ертіс ауданы Северный ЖОМ-да «Тәуелсіздік жылдарында шекаралас мектептердің мәдени және білім берушілік өзара қызметі» тақырыбында форум өтті. Форумның ұйымдастырушылары - Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы, Павлодар облысы Ертіс ауданы, Северный ЖОМ, Омбы облысы Нововаршавск муниципалды ауданының Білім беру және кәсіби мектеппен байланыс бойынша комитетінің әкімшіліктері кездесудің ауқымды өтуін қарастырған. Форум аясында мұғалімдер және оқушылардың қатысуымен ашық сабақтар мен іс-шаралар панорамасы, «Бірыңғай болашақ ұлты – дені сау ұлт» дөңгелек үстелі, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» брейн-рингі өтті.
Кездесу барысында Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы атынан Слямова Сәуле Шәйімқызы мен Омбы облысы Нововаршавск муниципалды ауданының Білім беру және кәсіби мектеппен байланыс бойынша комитеті атынан Халюта Зоя Аркадьевна арасында шекаралас облыстардың ынтымақтастығы туралы шарт жасады.
Ертіс ауданының Северный ЖОМ мұғалімдері Айтмакушева Ботагөз Мұсақызы, Жакиянова Гүлнұр Қабиденқызы, Алимсуренова Әсемгүл Аманқызы, Красильская Нина Александровна Қазақстан тарихынан «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр», орыс тілінен «Сөз табы. Зат есім», әдебиеттік оқудан «Туған өлке бойынша» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер Аулабаева Гүлжан Жантемірқызы, Какеева Салтанат Тілеубергенқызы «Ел бақыты – тәуелсіздік» тақырыбында шеберлік сағатын, Тоқсанбаева Жібек Аманжолқызы «Бірыңғай болашақ ұлты – дені сау ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қорытынды брифингте Павлодар облысы білім беру басқармасының ББДИО басшысы Слямова Сәуле Шәйімқызы «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы: ізденіс, шығармашылық, жетістік» тақырыбында, Омбы облысы Нововаршавск муниципалды ауданының Білім беру және кәсіби мектеппен байланыс бойынша комитетінің төрайымы Халюта Зоя Аркадьевна «Омбы облысы шекаралас аудандарының білім беру жүйесіндегі өзара әрекеттің инновациялық мазмұны мен түрлерінің қалыптасуы» тақырыбында, Омбы облысы Нововаршавск ауданының Қараөзек ЖНМ директоры Сексембинова Шолпан Ильяшевна «Бәйтерек» қазақ тілі мен мәдениетті үйрету орталығы мен Ертіс ауданының Северный ЖОМ арасындағы қызметтестік үлгісінде қазақ әтномәдени ұқсастылығына тәрбиелеу бағытындағы ынтымақтастық векторлары» тақырыбында, Омбы облысы Нововаршавск ауданының Ермак ЖОМ директоры Гейнц Надежда Владимировна «Ресейлік оқушылар қозғалысы: уақыт аралығы арқылы болашаққа» тақырыбында баяндама жасады. Ертіс ауданы білім беру бөлімінің басшысы Тоқтарбаев Жанарбек Табылдыұлы білім берудегі инновациялық үдерістерді дамыту бойынша бірлескен қызметтің басты мүмкіндіктерін атап өтті.
Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Ақтаев Марат Қамзаұлы ресейлік әріптестерге достық сапар, білім беру саласындағы жемісті ынтымақтастық және орныққан дәстүрлер үшін алғыс білдірді. Кездесу форум ұйымдастырушылары және қонақтардың қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер