Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Аудандық «Бақытты балалық шақ» балалар шығармашылығының көрмесі

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту шеңберінде мектепке дейінгі мекемелер арасында аудандық «Бақытты балалық шақ» балалар шығармашылығы көрмесінің қорытындысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениет құндылықтарына тарту, Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Конкурсқа ауданның 3 балабақшасы мен шағын орталық тәрбиеленушілері қатысты.
Жұмыстар әр түрлі техникалар бойынша дайындалды: кестелеу, жұмсақ ойыншықтар, құрақ тігу, сәндік өрнектер, шығармашылық жапсырма, табиғат материалдарымен жұмыс, қуыршақ, декупаж, мата бойынша өрнектер, қағазбен бейнелеу, бисер тоқу.
Қазылар алқасы жұмыстардың шынайылығын, тақырыпқа сай келуін, жаңашылдық идеясы, шығармашылық тәсілдер, ұқыптылық және қаншалықты күрделілі орындалғанын бағалады.
Конкурс қорытындылары бойынша жүлделі орындар берілді, Арыстанбекова Еркежанның «Менің елім, мәнгілік ел!» қағаздан жасалған өнері (Константиновка ауылының «Айгөлек» балабақшасы), Негриенко Александрдың «Гүлденген, менің - Қазақстаным» қағаздан жасалған өнері, (Успен ауданының «Балапан» балабақшасы), Балановская Аннаның «Жылу ошағы» квиллингі (Лозов ауылының «Айгөлек» шағын орталығы), Разиева Далиланың «Счастливое детство» қағаздан жасалған өнері (Успен ауданының «Балапан» балабақшасы), Әкірам Шыңғыс, көлемді аппликация, Силиванова Алина, Топко Анастасияның «Страна счастливого детства» жіптерден оралған (Равнополь ауылының «Ақбота» шағын орталығы) жұмыстары үздік деп танылды. Жүлдегерлерге білім беру бөлімінің мақтау қағаздары табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер