Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Мерекелік концерт

   2016 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елім менің - Қазақстан» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтары қатысты. Концерт рух беретін патриоттық әндер және шығармалардан бастау алды.
Концерт қазақ халық аспаптары оркестрінің орындаудағы Құрманғазының «Адай» күйімен, жетекшілер К. М. Ермекбаев, Н.Б. Кайшанов, Балтабек Каппасовтың орындауында жерлесіміз Мейрам Ермекбаевтың «Мақтанышым, Қазақстан» әнімен ашылды.
Мектеп педагогтары Константин Сергеевич Макаровтың (вокал), Иван Вячеславович Кузякиннің (гитара), Александр Александрович Андрющенколардың (рояль) орындауындағы «Родина моя» әні өз дәрежесінде шырқалды.
Әртістердің эмоционалды орындауы көрермендерді бей-жай қалдырмай, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт қалалық, облыстық және халықаралық конкурстардың лауреаты жоғары сынып оқушылары хорының «Киелі Отан» әнін сөзі Ұ. Есдәулет, музыкасы Ә.Әбдінұров орындауымен аяқталды, жетекшісі К. В. Миронец, сүйемелдеуші Д. С. Масленникова.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер