Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие

   Павлодар қаласының № 32 ЖНМ «Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинарға қалалық мектептердің 34 жас мамандары, сынып жетекшілері мен педагог-психологтары қатысты.
Семинарда баяндамалар тыңдалды: «Заманауи мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие» Р. Б. Базилова - № 32 мектебі директорының оқу ісі жөніңдегі орынбасары, «Оқушының бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы қосымша білім беру» А. С. Аипова - М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, «Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша мектеп жұмысының жүйесі туралы» - Р. Қ.Жайдақбаева - № 32 мектебі директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары, «Оқушыны рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудегі отбасы мен сынып жетекшінің рөлі»- 2 сыныптың сынып жетекшісі Н. В. Бауэр, «Жасөспірімнің рухани мәдениетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы» № 32 мектебінің педагог-психологі А. А. Бережная.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде «Туған өлкем, гүлдене бер!» тақырыбында жас сынып жетекшілеріне арналған сынып сағаты өткізілді және жас педагог-психологтарға арналған «Ерекше қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық ойын жүргізілді. Семинар соңында № 32 мектеп оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен 2016 жылы қараша айында Астана қаласына саяхат туралы музыкалық бейнеролик көрсетілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер