Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Үлкен ел – үлкен отбасы»

   2016 жылғы 21 қараша және 15 желтоқсан аралығында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы білім беретін мектеп-интернатында өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты Қазақстан халықтарының мерекелік фестивалімен аяқталды. Фестиваль мақсаты - тұлға тәрбиелеу, оқушылар санасында бірлік, төзімділік, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Фестивальдің салтанатты бөлімінде мектеп-интернаттың 25 қызметкері белсенді азаматтық көзқарасы мен көп жылғы адал еңбегі үшін грамоталармен марапатталды. Сол сияқты, 25 жылдық педагогикалық өтілімен математика пәнінің мұғалімі Хролай Ахметқызы Шонтаева және Тәуелсіздіктің құрдасы, дене тәрбиесі мұғалімі Мұрат Тоқтарұлы Қожагелдинов Алғыс хатпен марапатталды.
Фестиваль қонақтары «Amid» туристік фирманың өкілдері жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оқушыларға тәтті сыйлықтар үлестірді.
«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» конкурс бағдарламасы өте мазмұнды болды, мұнда оқушылар педагогтармен бірігіп, көп ұлтты отбасы, өз халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы көрініс жасады. Мереке соңында фестиваль қонақтары «Менің Қазақстаным» әнін орындады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер