Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Достарында қонақта

   Мичурин балалар үйі тәрбиеленушілері және полицейлер арасындағы достық бірнеше жыл бойы жалғасып келеді және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды іс» акциясы шеңберінде полицейлер балаларды ішкі істер департаментіне шақырған еді. Салтанатты жиналыста полиция қызметкерлері және ІІД ардагерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қызметкерлер балаларға жақсы бағдарлама әзірлеп келді. Балалар Даңқ мұражайына барып, Павлодар полициясының қалыптасу тарихын суреттейтін жәдігерлермен танысты. Арнайы жедел әрекет жасақ қызметкерлері балаларға полицияның қызметтік істерінде қолданылатын жабдықтарын, қару-жарақтарын, полиция киімдерін көрсетті. Жекпе – жек ұрыстың әдістерін көрсетті, бұл арада ер адамдармен бірге қыздар да өз шеберліктерін көрсеткен болатын. Саяхат, бүкіл қала алақанда көрінетіндей жерде – жедел басқару орталығында жалғасты. Департамент ғимаратын аралаған саяхаттан соң, балаларды мол жайылған мерекелік дастархан күтіп тұрды. Тәуелсіздіктің құрдастары балаларға шана, коньки, шаңғы және тәтті дәмділерін ұсынды. Балалар да құр қол қалмай полицейлерлерге алғыстарын айтып, мерекелік концерт көрсетті. ІІД басшылығына және жеке құрамына салтанатты күнді ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер