Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Тәуелсіздік айбыным» мерекелік концерт

   Баянауыл ауданындағы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты базасында «Тәуелсіздік айбыным» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шараға ауданымыздың ұлағатты ұстаздары мен құрметті қонақтары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Тоқжігітова залда отырған ұстаздар қауымын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен З.Ақышев атындағы ЖОМ-нің физика мұғалімі И.В.Волосейко марапатталды. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай төрт мектептің директоры облыс білім беру басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыс білім беру басқармасының Алғыс хаты төрт мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына табыс етілді. Білім беру бөлімінің басшысы М.Т.Әбдікәрімов алты ұстазға аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасын табыс етті. Білім беру бөлімінің жеті Алғыс хатын мектеп және балабақша қызметкерлері алды.
Дарынды және талантты балалармен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін III дәрежелі дипломмен Ақсан ЖОМ, З.Ақышев атындағы ЖОМ марапатталды. II дәрежелі дипломмен Бірлік ЖОМ, №1 Майқайың ЖОМ, №2 Майқайың ЖОМ, Лекер ЖНМ, I дәрежелі дипломмен Ш.Айманов атындағы мектеп марапатталды. Іс-шара Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер