Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Көркемсурет көрмесі

   Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде «Менің түсім және қиялдарым» атты батик техникасында орындалған оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ашылды. Көрмеге әр түрлі техникада орындалған жұмыстар ұсынылды.
Тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен орындалған жұмыстардың авторлары күрделі батик техникасының орындалу шеберлігін көрсете отырып, өздерінің қиялдары мен түстерін, армандарын композициялары арқылы жеткізе білді. Олар, теңіз түбіндегі экзотикалық өкілдер мен таңқаларлықтай ирелеңдеген кесірткелер, сондай-ақ әр түрлі құстар мен гүлдер еді.
Анжела Николаевна Бамбуляктың оқушылары 15 жастағы Юля Блок көрмеге «Елесті балықтар», «Дегелек», «Гүлді ою-өрнек» және «Құс», Камилла Хуснатдинова, 15 жаста, «Жылқы», «Гүлдер» и «Үнді орамал», 15 жастағы Ира Мастерова «Басқа планеталық» и «Менің түсім», Зарина Абдрахманова, 15 жаста, «Кесірткелер», Виталина Илькаева, 15 жаста, «Гүлдер», Надя Илькаева, 15 жаста, «Су асты әлемі» суреттерін ұсынды. Ал, Татьяна Васильевна Ахметжанованың оқушысы, 15 жастағы Бауыржан Смаилов «Тоты құс» суретін ұсынды.
Жалпы көрме жақсы әсер қалдырды. Батиктың жарқын бояулары оқушыларды одан әрі әсем туындылар орындауға шабыттандырды. Ең үздік деп танылған жұмыстар Санкт-Петербург қаласындағы «Невская палитра» VII Халықаралық балалар суреті байқауына жіберілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер