Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Қалқаман балалар үйінің мерейтойы

   Бүгін, Қалқаман балалар үйінің құрылғанына 10 жыл толғанын атап өтті. Құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін бірінші басшысы Светлана Викторовна Городничева болып табылады.
10 жыл ішінде балалар үйіне 101 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қабылданып, оның ішінде 72 бала бітіріп шықты. Бүгінгі күні балалар үйінде 29 бала тәрбиеленуде.
10 жыл бойы балалар үйінде отбасын қолдау қызметі жұмыс істейді. Отбасын қолдау қызметінің жұмысына педагог ретінде мекемеге жұмыс жасауға келген балалар үйінің түлегі Илья Александрович Перфильев жауапты.. Аталған қызметтің арқасында әр баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуі табысты іске асырылуда.
Қалқаман балалр үйінің түлектері арасында жоғары нәтижелерге жеткен балалар өте көп. Осылайша, Сергей Барладян, Иван Кириллов, Толеген Сатыбалдин «Бітірушілердің өмірі мен мансабын жоспарлау» жобасы шеңберінде білім алды. Оқуларын аяқтағаннан кейін үшеуі де Ақсу ферроқорытпа зауытына жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, Сергей Барладян Қазақстан халықтары ассамблеясының 24 съезінде Павлодар облысының намысын қорғады.
Балалар үйінің түлегі Дмитрий Бешель колледже оқуын аяқтап, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ жұмысқа орналастырылды. Дмитрий мемлекеттік тұрғын үй қорынанан баспана алып, өз отбасын құрып, балалар үйінен кішкентай інілерін қамқоршылыққа алып, оларға патронат ресімдеді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер