Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Жаңа жылдық бал-маскарад

 

    2016 жылдың 21 қарашасында «Ертіс» қонақ үй кешенінде  «Резонанс» Қоғамдық қоры жаңа жылдық бал-маскарад ұйымдастырып, бұл мерекеге есту қабілеті бұзылған балаларға арналған  арнайы жалпы білім  беретін № 1 мектеп – интернат  оқушылары да шақырылды.
Түрлі әшекейлермен безендірілген залда балаларды  мультфильмдердің Симка, Нолик, Кунг-фу Панда сияқты кейіпкерлері және де әрине Аяз  Ата мен  Ақшақар қарсы алды. Балалар көпіршіктер бойынша шебердің туғызған түрлі мүсіншелерін үлкен қуанышпен қабылдап, дәл тапты. Оларға  сыйлықтар мен тәтті тағамдар табысталды. Бұл кештен бүлдіршіндер ұмытылмас әсер алып, ғажайыптарға сене түсті.  
Мектеп-интернат әкімшілігі мен оқушылар «Резонанс» қоғамдық қоры қызметкерлеріне балаларға қуаныш сыйлаған үшін алғыстарын  білдіреді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер