Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Менің Қазақстаным

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» сайысына, Павлодар қаласы №2 Балалар көркемсурет мектебінен 4 ұстаз қатысты. Олар сайысқа кескіндеме, графика, батик техникасында орындалған 13 сурет ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Суретшілер Одағының алғыс хатымен Елена Ивановна Юминованың суреттері марапатталды, ал Раиса Петровна Степанко, Александра Станиславовна Ловина-Самошкина I дәрежелі дипломдарға ие болды. Сайыстың барлық қатысушылары сертификаттар иеленді. Ольга Ивановна Ловина байқауға акварельмен орындалған «Көл» және «Монша» атты екі сурет, сондай-ақ аралас техникада салынған «Көктегі бір үйір жылқы» картинасын ұсынды. Раиса Петровна Степанко көрмеге гипс және акрилдік бояуларды қолдана отырып үлкен көлемді техникада орындалған «Гүлдер», «Көбелектер» және «Бамбук» суреттерін таныстырды. Елена Ивановна Юминова көрмеге әр түрлі техникада салынған суреттерді ұсынды, олар: батик техникасында орындалған «Баянауыл көркі», «Ертіс алқабында», акварелдік кескіндеме техникасында «Ертістің үстіндегі күннің батуы», акварель және гелдік қаламмен салынған «Күнбағыс», академиялық сурет техникасында «Уақыттың басталуы» картинасы еді. Александра Станиславовна Ловина-Самошкина гелдік қаламда қала пейзажы суреттелген «Ескі қала» және «Сөре» сияқты суреттер ұсынды.

Сайыс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өнерпаз ұстаздар арасында өтті. Облысымыздың 90 астам бейнелеу өнер ұстаздары кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнерден орындалған жұмыстарын көрсетті. Бұл сайыс 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарасаңында өткізілгендіктен, дәстүрге айналып кетті десе де болады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер