Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Облыстың үздік мектеп мұражайлары!

    Облыс мектептерінің пайда болуы, дамуы, қалыптасу тарихын бақылау, жалпы орта білім беру мектептері жүйесінде қандай өзгерістер болғанын, қандай атақты түлектер шыққанын, әр жылдарда қандай педагогтар жұмыс жасағанын және тәрбиеленушілерді оқыту кезінде қандай нәтижеге жеткенін, мектеп өмірінде қандай жақсы дәстүрлер бар екенін білу, бұның барлығы Павлодар облысындағы мектептер тарихына арналған мұражайлар және бұрыштардың байқау конкурсын өткізуге себеп болды.
Аталған байқау конкурсы ағымдағы жылғы желтоқсан айында өткізілген болатын. Байқаудың мақсаты – мектеп мұражайлары қызметіне білім беру ұйымдарының назарын аудару, білім беру мекемелерінде өлкетану қызметі және мұражайлар жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибені анықтау және тарату, белсенді өмір позициясын, патриотизмді қалыптастыру.
Конкурсқа 100-ден аса жалпы орта білім беру мектебі қатысып, оның ішінде жүлдеге ие болғандар:
Қалалық мектептер арасында 1-орынға Павлодар қаласының № 16 ЖОМ және № 17 ЖОМ, аудандық мектептер арасында Качиры ауданы № 2 Песчан ЖОМ, Железин ауданы № 2 Железин ЖОМ, Павлодар ауданы Ефремов ЖОМ 1-орынға ие болды. Облыстық мамандырылған мектептер арасында облыстық Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебі және облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты 1-орынға ие болды;
Қалалық мектептер арасында Павлодар қаласы № 9 ЖОМ 2-орынға, аудандық мектептер арасында Ақтоғай ауданы Абай атындағы ОМ, Павлодар ауданы № 2 Чернорецк ЖОМ 2-орынға ие болды. Облыстық мамандырылған мектептер арасында «Жас дарын» мамандырылған мектебі, дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты 2-орынды иеленді;
Қалалық мектептер арасында Ақсу қаласының № 8 ЖОМ 3-орынға, аудандық мектептер арасында Екібастұз қаласының Екібастұз ЖОМ, Железин ауданының Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОМ, Качиры ауданы Федоровка ЖОМ және Лебяжі ауданы Б. Уахатов атындағы ЖОМ 3-орынға ие болды. Облыстық мектептер арасында дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, № 3 гимназия және дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі 3-орынды иеленді.
Бүгінгі күні, облыста Павлодар облысындағы мектептер тарихына арналған 246 бұрыш және мұражай ашылды. Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту кезінде мектептер тарихына арналған мұражайлар және бұрыштар ашылған болатын.
Барлық жеңімпаздар білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер